Шетелдік тілшілер елорданың 15 жылдық мерейтойына арналған шараларды тамашалады

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі 4-7 шілде аралығында 7 шетелдік тілшінің Астанаға сапарын ұйымдастырды.
None
None

Аталған шара елорданың 15 жылдық мерейтойына орай жасалды.

Журналистер құрамына Иордания тарапынан «Роя» телеарнасының тілшісі Май әл-Селауи мен оператор Юсеф әл-Рахахле, «Petra» ұлттық ақпараттық агенттігінің бас редакторы Маулюд Рукайбат, «Nebras» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Амин Зиядат, Ирак тарапынан «Altaghier» спутниктік телеарнасының Бас менеджері Али Абедаламир Хассун Казем, операторы Сейф Халиль Хамед, және Ливан тарапынан «NNA» Ұлттық жаңалықтар агенттігінің тілшісі Лилиан Мокбель кірді.

Сапар барысында тілшілер ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Камал Бұрхановпен, Мәдениет министрінің орынбасары Асқар Бөрібаевпен, Назарбаев Университеті ректорының орынбасары Саймон Джонсонмен және «Kazakh TV» телеарнасының директоры Аниса Бердинамен кездесіп, олардан Қазақстан мен Иордания арасындағы екіжақты қарым-қатынастары туралы және Қазақстанның даму жетістіктері мен болашақ жоспарлары туралы сұхбаттар алды.

Тілшілер тобы «Астана Самалы», «Астана - Арқау», «Ән жүрегім - Астана!», «Шаттық», «Азия жаңғырығы» сияқты фестивальдарды, сондай-ақ Астана күнінің басқа да әлеуметтік, спорттық және ойын-сауық шараларын тамашалап, «Бәйтерек», «Хан Шатыр», «Думан», Әзірет Сұлтан мешіті сынды Астананың көрнекті ғимараттарымен танысты.

Соңғы жаңалықтар