Шетелдіктерге жер сатылады деп ешкім де айтқан емес - Президент

АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Шетелдіктерге жер сатылады деп ешкім де айтқан емес», деді бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Арна-медиа» холдингінің құрамына кіретін бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына берген сұхбатында,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Мен осыған дейінгі тікелей желі арқылы тұрғындардан келген сауалдардың біріне жауап беру кезінде айтқанмын. Қытай елі егін салатын және малға азық дайындайтын жер берсек, олар сол жерге егін егіп, оны өздері сатып алып, ал Қазақстанға ауыл шаруашылығына қажетті техникалар әкелетіндігін айтқанмын. Осыдан соң әр нәрседен ілік іздеп отырған ағайындар жер сатылатын болды деп дау шығарған болуы керек. Әйтпесе мен жер сатылады деп ешқашан да айтқан емеспін. Бұл мәселеге қатысты менен басқа ешкім де сөз қозғаған емес және бұл сауалға қысқа ғана жауап беруге болады. Жер кодексінің 23-ші бабында шетелдіктерге, Қазақстанның азаматы емес адамдарға жер сатылмайды деп анық көрсетілген. Одан артық не айтуға болады», деп түйіндеді сөзін Елбасы.

Соңғы жаңалықтар