Шетпе кентінде халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды
Бұл туралы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл әлеуметтік жоба серіктестердің «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ қатысуымен құрылған «Түпқараған» жобасы қаржыландыруымен жүзеге асырылды.
«ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ және оның шетелдік серіктестері өз қызметінде ең жоғары стандарттарды ұстанады және өз міндеттемелері шеңберінде өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымына елеулі үлес қосып отыр.
Жасалған қаржыландыру туралы келісімге сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі уәкілетті ұйым арқылы мердігерлерді таңдауды ұйымдастырды және құрылыс барысына техникалық қадағалау жүргізіп отырды.
Техникалық жобаны әзірлеуді және «кілтпен тапсыру» шартында құрылыс жүргізуді қоса алғанда, объектінің жалпы құны 340,0 мың АҚШ долларын құрады.
Техникалық жобаны «Nesibek-Nyr Proqect» ЖШС әзірледі, ал Халыққа қызмет көрсету орталығы құрылысын бас мердігер - «Мантеком» ЖШС жүзеге асырды.