Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің екі қызметкеріне іздеу жарияланды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің екі аға уәкіліне іздеу жарияланды. Оларға уақытша ұстау изоляторына күдікті ретінде қамалған адамды азаптады деген айып тағылуда. Бұл туралы облыс прокурорының аға көмекшісі Мейрамхан Ибрашев хабарлады.
None
None

Шиелі аудандық прокуратурасы аудандық ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің аға уәкілдері С.Пірманов пен Е.Төлешевтің Қылмыстық Кодекстің 175-бабы 2-бөлігінің а, в тармақтары бойынша үстінен қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде ұсталған А.Дүйсенбаевты ұрып-соққанын анықтады. Күдікті полицейлердің ауыр соққыларын көтере алмай, шұғыл ауруханаға жатқызылады. Сол жерде оған «ащы ішегі жыртылып, 3-дәрежелі геморрологиялық шок алған» деген диагноз қойылып, жедел түрде ота жасалған.

Аудандық прокуратура қызметкерлері жүргізген тергеу алды тексеру жұмыстарының нәтижесінде екі аға уәкілдің күдіктіге аудан көлеміндегі ашылмаған басқа да қылмыстарды мойындатпақ болып қинағандары белгілі болды. Осыған орай аталмыш оқиға негізінде ҚК-нің 141-1 бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда бұл іс бойынша тергеу жұмыстарын облыстық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасы жүргізуде. Іс бойынша жүргізілген тергеу амалдары мен жинақталған дәлелдемелердің жеткіліктігі ескеріліп, Шиелі АІІБ криминалды полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілдері С.Пірманов пен Е.Төлешевке тиісті айыптар тағылды. Олардың қазір тергеуден бой тасалап қашып кетуіне байланысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы сотпен қанағаттандырылды. Енді полиция қызметкерлеріне іздеу жарияланып, осыған бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар