Шиелі аудандық сотының жаңа ғимараты пайдалануға берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Шиелі аудандық сотының жаңа ғимараты пайдалануға берілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа заман талабына сай салынған екі қабатты сот үйінде 44 бөлме, 3 сот залы орналасқан. «Альянс» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігінің ау­дандық фи­лиалы қазынадан бөлінген 143 миллион 481 мың теңге қаржыны бір жарым жыл­да толық игеріп шықты.

Салтанатты рәсімде облыс әкі­мінің бірінші орынбасары Мадияр Алдоңғаров, аудан әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Жоғарғы соты жанын­дағы Сот әкімшілігі жөніндегі коми­тет төрағасының бірінші орынбасары Бақтияр Өнербаев құттықтау лебізін білдірді. «Альянс» ЖШС аудандық филиа­лының директоры Қабілет Бекішев аудандық сот төрағасы Сағатбек Сүлейменовке жаңа ғимараттың кіл­тін тапсырды.

Соңғы жаңалықтар