18:48, 01 Сәуір 2010 | GMT +5
Шиелі ауданында кадрларды қайта даярлауға баса мән берілуде
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Шиелі ауданында кадрларды қайта даярлауға баса мән берілуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жұмыстарға қазына қоржынынан 3 млн. 100 мың теңге қаралған. Биылғы жылы облыстық білім басқармасы арқылы аудандық лицейде 145 азаматты кәсіби оқыту көзделсе, бүгінгі таңда олардың 95-і жаңа кәсіп иесі куәлігіне ие болды. Нақты кезеңде 50 азамат электр монтері және газбен дәнекерлеуші мамандығына оқытылуда.