Шиелі ауданында қазірге дейін негізгі қорға 4 млрд. 667 млн. теңге қаржы салынды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Шиелі ауданында үстіміздегі жылдың бірінші тамызына дейін негізгі қорға барлығы 4 млрд. 667 млн. 964 мың теңге инвестициялық қаржы тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда 2 еседен астамға өскендігін байқатады.
None
None

Халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған Қызылорда облысындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы аясында 2010 жылға республикалық бюджеттен 31 млн. теңге қаржы қаралып, несиелендіру есебімен жалпы ауданы 560 шаршы метр құрайтын 7 ипотекалық тұрғын үй құрылысы және жалпы алаңы 210 шаршы метр құрайтын 3 жалға берілетін тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Өз кезегінде 7 айда жеке тұрғындар есебінен 91 млн. 20 мың теңгеге жалпы ауданы 6951 шаршы метрді құрайтын 63 тұрғын үй салынған.

Соңғы жаңалықтар