Шиелі ауданының диқандары келесі жылдың егіні үшін керекті тұқымдарды толық қамбаға құйып үлгерді - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қазір күріш жинау науқаны өзінің шешуші кезеңіне жеткен Шиелі ауданында келесі көктемдегі егіс үшін керекті тұқымды жинап алып, қамбаға құйып қою жұмысы толығымен аяқталды.
None
None

Осы кезге дейін мұнда 2700 тонна күріш, 10 тонна мақсары, 9 тонна жоңышқа ұрығы және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары жеткілікті түрде дайындалды. Олар енді түгелдей тазаланып, себу дәрежесіне жеткізілу үстінде.

Биылғы жылы ауданда күріш көлемінің 30-40 пайызына ресейлік «Янтарь», «Новатор» сорттары егілсе, Түгіскен тұқым шаруашылығынан күріштің 120 тонна элита «Маржан» сорты алынды.

Соңғы жаңалықтар