09:11, 21 Тамыз 2010 | GMT +5
Шиелі ауданының егіншілері бидайды толық жинап алды
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Шиелі ауданының диқандары биылғы жылы 23805 гектар жерге түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырған болатын.

Қазірге дейін олар бидайды орып, өнімін қамбаға жинап алды. Мұнда 1500 гектар көлемнен орташа 13,8 центнерден өнім алынып, барлығы қамбаға 20700 тонна бидай құйылды. Әсіресе, «Ынтымақ ГТ» ЖШС диқандары әрбір гектардан орташа 16 центнерден өнім алса, ал Нартай ауылындағы «Халық» шаруа қожалығы тыңғылықты іс атқарып, 85 гектар бидайдан орташа 20 центнерден өнім жинауғаа қол жеткізді. Екпінділер қатарына дәнді дақылдарды өсіруде өзіндік үлгісі бар «Жаңа Бестам» ЖШС да қосылды.