11:22, 26 Қараша 2014 | GMT +5
Шиеліде «Дипломмен ауылға» бағдарламасына 180 млн. теңге бөлінді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Шиелі ауданында жас мамандарды ауылға шақыру, оларға барынша қолдау көрсету мақсатында біршама жұмыстар қалға алынды.

Биылғы жылдың өзінде «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша республикадан ауылдық елді мекендер саласы мамандарын қолдау шараларын іске асыру үшін көтерме жәрдемақыға 24 млн. теңге, жас мамандарға тұрғын үй алуға 156 млн. теңге бөлініп, жұмыс жүргізіліп жатыр.
Шиелі ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған мәселе бойынша, денсаулық саласына 22, білім беру саласына 49, мәдениет саласында 1, ветеринария саласында 4 маман қамтылып отыр.