12:14, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Шиеліде кәсіпкерлерді қолдау акциясы өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Шиелі аудандық прокуратурасында ?Шенеунік және кәсіпкер? акциясы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аудан прокуроры Нұрлан Серікбаев елімізде жылма-жыл жүзеге асырылып жүрген шара барысында кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған сан алуан жұмыстардың қолға алынғанын жеткізді. Соңғы уақытта прокуратура қызметкерлері осы бағытта 5 тексеру жүргізген. Оның екеуінде заңбұзушылық деректері анықталды. Ол олқылықтар жергілікті түрлі бөлімдер тарапынан орын алған. Акция барысында санитарлық-эпидемиологиялық, салық басқармаларының мамандары сөз алып, түрлі заңнамаларға түсініктеме берді.