Шиелілік шабандоз батырға арналған бәйгеден жүлделі оралды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Ұлы Отан соғысының даңқты қолбасшысы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық тойына орай Тараз қаласында Олимпиада чемпионы Б.Артаев басқаратын ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Жамбыл облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен құнан бәйгесі жарысы өткізілді.
None
None

Дүбірлі додаға еліміздің аймақтарынан 54 сәйгүлік қатысты.

Бұл бәйгеде Шиелі ауданының азаматы Оразәлі Байділданың Ержан Шайрахов баптаған «Сыр сұлуы» тұлпары 11 шақырымдық қашықтықта шашасына шаң жұқтырмай, бас жүлдені жеңіп алды. Сәйгүліктің шабандозы - Ғани Талғатұлы.

Соңғы жаңалықтар