Шикізаттық емес саланың салық төлеушілері артты - Б.Жәмішев

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Бизнес жобаларды қолдауға бағытталған шаралардың арқасында шикізаттық емес сектордағы бизнес құрылымдар саны өткен жылы 5,3 мың бірлікке артты. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ел Үкіметінің 2012 жылға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстырған Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, 2011 жылмен салыстырғанда өткен жылы корпоративті табыс салығы түсімдері 9,2 млрд. теңгеге азайған. Бұған қоса экономиканың шикізаттық емес секторының салық төлеушілерінен түсім нақты өсім көрсеткішіне ие болып отыр. Нақты айтқанда, аталған саладан түскен түсім 11,4 пайызға өсті.

«Депутаттардың назарын тағы бір мәрте аударғым келеді, шикізаттық сектордан корпоративті табыс салығы түсімдері төмендеуі барысында шикізаттық емес сектордың корпоративті табыс салығы 11,4 пайызға өсті. Бұған қоса бұл санаттағы салық төлеушілердің саны 8,9 пайызға немесе 5,3 мың бірлікке артты», - деді Б.Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар