Шілдеден бастап ұлғаятын жәрдемақыны халық уақытында алуы керек – Премьер-Министр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Азаматтар жаңа төлемдерді уақытында алуы керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Жоғарыда айтылғандай, 1 шілдеден бастап бірқатар төлемдерді ұлғайту көзделіп отыр. Еңбек министрлігі Әлеуметтік кодекске сәйкес жәрдемақыны арттыруды, олардың уақытылы әрі толық көлемде тағайындалуын қамтамасыз етуі қажет. Азаматтар жаңа төлемдерді уақытында алуы керек», - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, әлеуметтік қолдау шараларын нақтылау үшін бірқатар нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет.

Қазіргі уақытта Үкіметтің 26 қаулысының 10-ы қабылданды.

Еңбек министрлігі бұл жұмысты қысқа мерзімде аяқтап, бүкіл қажетті қаулы жобаларын Үкіметтің бекітуіне енгізуі тиіс.

«Еңбек министрлігі әкімдіктермен және Ақпарат министрлігімен бірлесіп, жаңа Әлеуметтік кодекстің ережелері туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар