ШҚО әкімдігінде қаражаттың игерілмеуіне байланысты кеңейтілген отырыс өтті

ӨСКЕМЕН. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - 2012 жылдың бірінші жұмыс күнінде Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің кеңейтілген отырысы өтті.
None
None

Отырыста өткен жылдың мәселелері мен 2011 жыл бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық қорытындысы қаралды.

 Олардың қатарында қаражаттың игерілмеуі басты мәселеге айналды. «Жыл қорытындысы бойынша жалпы өнім 10 пайызға артты. Бұл жаман көрсеткіш емес. Дегенмен қаражаттың игерілмей қалғаны көңіл көншітпейді. Өткен жылғы бөлінген мемлекеттік қаражаттың 98, 5 пайызы ғана игерілді. Менің тапсырмам орындалмады. Денсаулық сақтау басқармасы, энергетика мен ТКШ және ауыл шаруашылығы тек 98, 9 пайызға иегерілген», - деп атап өтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

  Өңір басшысы қала мен аймақ әкімдеріне, басқарма және департамент басшыларына статистикалық органдардағы барлық мәліметтерді анықтап, әр көрсеткішті талдау керектігін айтып, тапсырма берді.

Әкімдікте тендерлерді өткізуге байланысты мәселелер қаралды, атап айтқанда тендерге орай дайындалатын құжаттардың уақытынан қалып қоятыны ескерілді.

Аймақ басшысы 2012 жылы апат жағдайында тұрған мектептер мен спорт нысандарына байланысты мәселелер шешілуі тиіс екендігін атап өтті. Сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге қатысты және тұрғын-үй коммуналды шаруашылық мәселелерін бақылау керектігі сөз болды.

Соңғы жаңалықтар