ШҚО әкімі қонақтарға бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ауқымында кәсіпорындар салып жатқан спорт нысандарын көрсетті

ӨСКЕМЕН. 12 шілде. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ҚР төрт аймағының аймақаралық ықпалдастық жөніндегі форумы жұмысы аяқталғаннан кейін әкімдік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ауқымындағы уағдаластықтарды жүзеге асырудың нақты көрінісінің үлгісін көрсетті.
None
None

Олар Өскемендегі екі ірі спорт нысандары - жеңілатлетикалық манеж бен жекпе-жек күресі сарайы құрылысында болды, бұл ғимараттар ірі компаниялардың қаражаттарына салынуда.

680 орынға есептелген жеңілатлетикалық манеждің құны 850 млн. теңге, биылғы жылдың соңында оны салу аяқталмақ. Манеж екі ауысымда жұмыс істейтін болады.

Жекпе-жек күресі сарайының жобалық қуаты - 1450 көрерменге есептелген, оның құны - 1650,726 млн. теңге. Мұнда көрермендер залынан басқа тағы үш жаттығу залы болмақ.

Б.Сапарбаев қонақтардың назарын «Қазмырыш», «Қазақмыс» «ҚТЖ» компанияларымен қол қойылған келісімдерге сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ауқымында Өскемен, Риддер, Зырян, Шемонаиха қалаларында жалпы құны 4,2 млрд. теңге тұратын 6 хоккей модулі биылғы жылдың соңына дейін салынатынына аударды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум