ШҚО әкімі Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды - ынтымақтастықты тереңдету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді

Сапар барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету туралы бірқатар өзара тиімді келісімдерге қол жеткізілді.
Даниал Ахметов Қырғызстан Премьер-Министрінің орынбасары Олег Панкратовпен кездесу өткізді. Кездесуге ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев, Қырғыз Республикасындағы ҚР елшісі Айымдос Бозжігітов, «БИПЭК-АЗИЯ АВТО» холдингі басқармасының төрағасы Анатолий Балушкин, Қырғызстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Динара Кемелова мен Қырғызстан үкіметтерінің өкілдері қатысты, деп мәлімдеді ҚР-дағы Қазақстан Республикасының елшілігі.
Кездесу күн тәртібіне ШҚО мен Қырғыз Республикасы өңірлері арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды тереңдету мәселелері кірді. Атап айтқанда, Даниал Ахметов өткен жылғы 15 қазанда «АвтоВАЗ» ААҚ мен «БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы Қазақстан мен Ресей мемлекеттері басшыларының кездесуі аясында Орталық Азиялық өңір елдерінің нарықтарында бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойғанын хабарлады.
ШҚО делегациясы «БИПЭК-АВТО-АЗИЯ АВТО» компаниясы Еуразиялық экономикалық одақ автомобиль нарығына шығу бойынша жоспарларды сәтті орындаған алғашқы қазақстандық компания болғанын атап өтті. 2015 жылы холдинг Ресейдің 11 қаласында 15 жеке автоорталықтың желісін құрды. Қазақстан мен Ресейдің азиялық бөлігін қоса алғанда, жеті мемлекетте холдингтің келісімшарттық аумағы бүгінде халқы 84 млн адамнан асатын нарықты қамтиды. Қазақстаннан тыс жерде холдинг қалыптастырған тұрмыстық және сервистік желі толық циклды авто өндірістің экспорттық инфрақұрылымының негізі болады, оның құрылысы Өскеменде «АЗИЯ АВТО Казахстан» АҚ алаңында жүргізілуде. Дәнекерлеу және сырлау режімінде қуаты 120 мың автомобиль өндірісін, сондай-ақ автокомпоненттер шығаратын технопарк құру 12 мың адамды жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру аясында күтілетін ҚР ІЖӨ жыл сайынғы өсімі 1,1 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Мүдделі қырғыз әріптестерге Қырғызстан Республикасының аумағында Өскеменде жинақталған көліктерді сату, қызмет көрсету желісін құруға қатысу ұсынылды.
ШҚО әкімі бірегей өндірісті қоса алғанда, орасан өнеркәсіптік әлеует шоғырланған ШҚО Қазақстанның жетекші индустриалдық өңірлерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Әлеуметтік жоспарда өңір қырғыздық ауыл шаруашылығы өнімдері мен тоқыма және т.б. импортына мүдделі.
Қырғызстан вице-премьері Олег Панкратов республикаға мұндай инвестициялық жобаларды қолдайтынын, әрі шетел инвесторларының толыққанды қызметі үшін барлық қажетті құқықтық норма құрылғанын атап өтті. Ол ҚР ЕАЭО-ға кіргеннен кейінгі Еуродаққа мүше елдерден, оның ішініде бауырлас Қазақстаннан түскен алғашқы инвестициялық ұсыныс екеніне тоқталды.