ШҚО әкімі Мемлекет басшысының атына хат жолдады

Б.Сапарбаев өз хатында «Президенттің жыл сайынғы Жолдауына сәйкес ароөнеркәсіп кешенін қолдау еліміздің шығыс аймағында оны одан әрі дамытуға айтарлықтай ықпал еткенін» атап айтқан. «Ағымдағы жылғы қазанның 1-індегі жағдай бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 92,3 миллиард теңгені құрады, ол өткен жылғы деңгейден 25,5 пайыз жоғары», - деп атаған аймақ әкімі.
Биылғы жылы егістік алқаптары 66,6 пайызға ұлғайтылды, соңғы 37 жылда алғаш рет астық түсімі бойынша әр гектардан 18,4 центнерден өнім алынды. Астықтың жалпы түсімі бір миллион тоннадан асты, ол өткен жылғы мөлшерден 80 пайыз артық.
«Диқандардың алдына Сіз қойған міндеттерге сүйене отырып, аймақта ауыл шаруашылығын кең көлемді жаңарту және технологиялық қайта жарақтауға бағдарлану негізінде агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытудағы күштерді шоғырландыру жұмыстары жалғастырылатын болады», - деп айтылған ШҚО әкімінің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған хатында.