ШҚО әкімі Олимпиада жеңімпазы О. Рыпаковаға кабриолет сыйлады

Мұнда «алтын» спортшыны жүздеген тұрғын гүлдермен және .... жаңа кабриолетпен күтіп тұрды. Нақты осындай сыйлықты өңір басшысы Қазақстанға «алтын» алып келген жағдайда Оляға сыйлауға уәде еткен. Және ол өз сөзінде тұрды. Бұл туралы Sport.kz порталында жазылды.
Қарапайым қыз тек таңғалған күйінде жан-жағына қарай берді. Оны әуежай ғимаратынан шынайы гүл төселген дәлізбен алып өткенде, қала тұрғындары оның есімін қайталап, құттықтауларын айтты, гүлдер сыйлап жатты. Бірмезетте ұлт батырына айналған спортшы қыз мұндай үлкен назарға үйренбеген.
«Қаншама адам, қаншама назар. Мен өте таңғалып тұрмын және аса қуаныштымын», - деді Олимпиада чемпионы баспасөз құралдарына. - Білесіздер ме, мен Лондонда үлкен қолдауды сезіндім, себебі менің жарыс жолындағы өнерлерімді қаланың қақ ортасына орнатылған үлкен экраннан көрсетті. Мені мыңдаған отандасым қарап отырғанын білдім, және олардың үмітін ақтамауға құқым жоқ еді.
Және ол өзіне артылған үмітті ақтады. Ольга Рыпакова Лондон Олимпиадасында үш секіріп қарғуда алтын медаль иеленді.
«Меніңше Ольганың жеңістері әлі алда. Ол Олимпиаданың екі дүркін чемпионы болатынына және Қазақстанға әлі талай жеңістер алып келетініне әсте сенімдімін», - деп мәлімдеді жұртшылық алдында Б.Сапарбаев.