ШҚО әкімі Семей қаласының жылумен үздіксіз қамтамасыз етілуін тексерді

ӨСКЕМЕН. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өзінің жұмыс сапарының барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Семей қаласының жылу нысандарында болды.
None
None

Атап айтқанда, облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ол ЖЭС-1 су жылытатын қазандығында шаралар жағдайымен мұқият танысты. Әкімге орталық қамтамасыз ету сызбасында сақталған  қазандықтар мен ЖЭС-ның қазіргі қуаттылықтарының жаңартылуы, қаланың жылу желілерінің қайта құрылуы, Семей қаласындағы ЖЭС-1-дің кеңейтілуі мен жаңартылуы  бойынша ақпарат берілді.

Бұл нысандардың жұмыс істеуі семейліктердің қалыпты өмір қамтамасыз етуде маңызы зор, себебі онда жылу беру бойынша талай рет іркілістер болған. Осыған байланысты, 2012-2013 жылдарға ЖЭС-1-ді кеңейту және қайта құру жоспарланған.

Семей қаласына сапарының барысында аймақ басшысы сондай-ақ тәулігіне 450 тонна астық өңдейтін облыстағы ірі кәсіпорын - «Шығыс Қазақстан ұн-жарма және құрамажем комбинатында» болды.

Бұдан басқа, жұмыс сапарының барысында әкім 300 төсекке арналған көп салалы аурухана құрылысының барысымен танысты. Еске сала кетейік, Семей қаласында «100 мектеп, 100 аурухана» республикалық бағдарламасының іске асырылуы жалғасып отыр.

Соңғы жаңалықтар