ШҚО әкімі Тарбағатай ауданындағы қазақша күрестен республикалық жарысты тамашалады

ӨСКЕМЕН. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Өскеменнің Тарбағатай ауданында қазақша күрестен Ырғызбай Досқанұлы атындағы республикалық жарыс өтті.
None
None

Онда еліміздің әр аймағынан келген 40 спортшы бақ сынады.

Жарыстың басты сыйлығы «Skoda» көлігі Шалқар Жоламановқа бұйырды. Өзге салмақта жеңімпаз танылған Мақсат Мазбаевқа Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан арнайы сыйлық тапсырылды. Бұл туралы өңірдің ақпараттық орталығынан хабарлады.

Ел көлеміндегі жарысқа облыс әкімімен қатар Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті, профессор Серік Түкеев қатысты.

Соңғы жаңалықтар