ШҚО әкімінің орынбасары 5 ауданның бас дәрігерлеріне шүйлікті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау басқармасы алқасының кеңейтілген отырысында ведомствоның бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындылары шығарылды.
None
None

Соның барысында көптеген «ақ дақтар» анықталған. Жұмысқа салғырт қараған облыстағы аудандық ауруханалардың бес бас дәрігерін әкімнің орынбасары жұмыстан шығарумен қорқытты.

Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығынан хабарлайды.

Биыл «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аяқталады, бірақ облыстың кейбір аудандарында денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер төмен. Күрделі жағдай байқалып отырған аудандардың бірі - Глубоков. Бұдан бөлек, Тарбағатай және Күршім аудандарында аналар өлімінің көрсеткіші нашарлады. Ал Аягөз, Шемонаиха, Көкпекті аудандарында бала өлімінің саны артқан. 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ана өлімі 2015 жылдың алты айы бойынша 67 пайызға өсті.

Баяндамашыларды тыңдап өткен облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар медициналық мекемелер қызметкерлеріне атқарылған жұмыс және ұсынған көрсеткіштер бойынша көңіл толмаушылығын білдірді.

Тұрғындардың туберкулезбен ауыру деңгейінің 18 пайызға төмендеуімен бірге Тарбағатай, Зайсан, Көкпекті аудандарында сырқатқа шалдығу деңгейінің өсуі атап өтіледі. Өскемен қаласы, Зырян, Глубоков, Жарма, Ұлан аудандарында туберкулезден көз жұмған адамдардың жоғары саны сақталып келеді.

Жұмысқа салғырт қарағаны үшін 5 ауданның бас дәрігерлерінің қызметі тәртіптік кеңесте қарастырылып, соның барысында оларды жұмыстан шығару мәселесі ортаға салынбақ. Басқа аудандардағы 7 бас дәрігерге қатаң сөгіс жарияланды. Егер жұмысын дұрыс жүргізе алмаса, олар да қызметтен кетуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар