08:01, 11 Қаңтар 2012 | GMT +5
ШҚО ауылдарының бірінде иіс тиіп бір әйел көз жұмды
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - ШҚО ауылдарының бірінде иіс тию салдарынан бір әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Сейсенбі, 10 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысының Қарауыл ауылында жеке тұрғын үйдегі пештің ақаулығы салдарынан 1983 жылы туған бір әйел иіс тиіп, медициналық көмек келгенге дейін қайтыс болды.