ШҚО басшысы Б.Сапарбаев Ақсуат ауылында жаңа нысандардың ашылуына қатысты

ӨСКЕМЕН. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында 100 оқушыға шақталған мектеп-интернат және алғашқы «Сырдария» сауда үйі пайдалануға берілді.
None
None

Енді шалғай ауылдардан ат арылтатын балалар заманауи жайлы жағдайлары бар білім ошағының табалдырығын аттамақ.

Ал Ақсуат елдімекеніндегі алғашқы сауда үйін қызылордалық кәсіпкер 15 миллион теңгеге тұрғызған. Онда 30 дүңгіршек үшін жалға алу аумағы ұсынылып отыр.

Аталмыш нысандардың ашылу салтанатына шалғай аудандарда жұмыс сапарымен жүрген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Сондай-ақ аймақ жетекшісі Ақсуат ауылында Зайсан көлінің жағалауында орналасқан «Қарсақбай» спорттық клубымен танысты. Келешекте спорттық клуб спорттық-сауықтыру және саяхатшылық кешеніне айналмақ. Аумағы 142 гектарды құрайтын мекеменің жоспары әзірленіп бекітілген. Бүгінде оған қаржы тарту жұмыстары қолға алынған. Әзірге келушілер үшін жалпы аумағы 401,12 шаршы метрді құрайтын 4 үй салынған.

Соңғы жаңалықтар