ШҚО-да 3,5 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО Мақаншы ауылының оңтүстік-шығысына қарай 23 шақырым жерде магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстан Геофизикалық зерттеулер институтының Сейсмикалық ақпараттарды жинау және өңдеу орталығы хабарлайды.
None
None

«2016 жылы 21 қазанда Астана уақытымен 3 сағат 38 минутта (Гривич уақытымен 20 қазан, 21 сағат 38 минут) ШҚО-да, Мақаншы ауылының оңтүстік-шығысына қарай 23 шақырым, Талдықорған қаласынан 356 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Сілкініс ошағының координаттары: солтүстік ендік 46.69 градус, шығыс бойлық 82.30 градус. Магнитудасы mb=3,5. Энергетикалық классы K=8,0», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар