ШҚО-да ауа температурасы 33 градусқа дейін төмендейді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО ТЖ қызметі ауа райының күрт суытатыны жөнінде ескерту жариялады.
None
None

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, боран болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 25 метрге дейін жетеді. Ал 25 қараша күні синоптиктер ауа температурасының түнде 25-30-ға дейін төмендейтіндігін, кей жерлерде аяз 33 градусқа жететіндігін болжап отыр.

Соңғы жаңалықтар