18:42, 24 Сәуір 2013 | GMT +5
ШҚО-да аудандық сот төрағалары ауыстырылды
ӨСКЕМЕН. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Абай Рахметулин аймақ бойынша жұмыс сапары барысында үш аудандық және екі қалалық сот төрағаларын ауыстырды.
Рахымқұл Турабаев Бесқарағай ауданынан Аягөз ауданына сот төрағасы қызметіне ауыстырылды.
Талғат Омаров Зайсан аудандық сотының төрағасы қызметінен Бесқарағай ауданы сотының төрағасы қызметіне ауыстырылды.
Берғали Мергенбаев Күршім ауданындағы қызметінен босатылып, Зайсан сотына аудандық сот төрағасы қызметіне тағайындалды.
Аягөз ауданынан Бауыржан Әбілқасымов Курчатов қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.
Курчатовтан Күршім аудандық сотының төрағасы қызметіне Ермек Шымыров тағайындалды.
Абай Рахметулин аймаққа жұмыс сапары барысында сот ұжымдарымен кездесулер өткізді, олардың алдына сот реформасы шеңберінде жаңа міндеттер қойды және аймақтық соттардың материалдық-техникалық базаларын тексерді.