ШҚО-да азаматтық қаруды ұрлау фактілері жиіледі

ӨСКЕМЕН. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның тәртіп сақшылары соңғы уақытта пәтерлерді тонау барысында қылмыскерлер мүлікпен бірге азаматтық қаруды да қолды ететін оқиғалар жиілеп кеткенін растап отыр.
None
None

Ал ұрланған аңшылық, травматикалық және газ қаруы кейін заңсыз айналымға түсіп жатады.

Облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы қаруды лицензиялау және айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асқар Төрекеновтың айтуынша, қарудың олжаға жеңіл айналуының себебі оны сақтаудағы ұқыпсыздық болып отыр. Мәселен, Зырянда қаруды ұрлау оны дұрыс сақтамау салдарынан болды. Азаматтың бірінен тіркелген аңшы қаруын аузында құлыбы жоқ сейфтен ұрлаған, ал келесісінен өзі тұрмайтын саяжайлық үйден алып кеткен. Ал Семейде спирттік ішімдікті бірлесіп ішу барысында бақташы әйелдің аяғына абайсызда оқ атып алған, ол алған жарақаттан сол жерде мерт болды.

Тәртіп сақшылары қару иелеріне оны сақтаудың барлық ережелерін орындауды, ал ұзақ уақытқа сапарлап кеткен жағдайда қаруды полицияға сақтауға қалдыруды ұсынады. Азаматтық қару қожайындары оны сақтаудың заңнамада белгіленген ережелерін бұзса, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ұмытпағандары ләзім.

Соңғы жаңалықтар