07:48, 01 Сәуір 2010 | GMT +5
ШҚО-да бірнеше бағыттар бойынша күре жолдар жабылды - ТЖМ
АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - Ауа райының нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысында республикалық және облыстық маңыздағы бірнеше автожолдар жабылды,
деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Кеше, наурыздың 31-і күні кешқұрым, күшті бұрқасынның салдарынан көру мүмкіндігінің шектелуі себепті республикалық маңыздағы «Өскемен-Зырян» (0-46 шақырым аралығы) және Қарағанды-Аягөз-Боқаз» (707-900) автожолдары, сондай-ақ облыстық маңыздағы «Мақаншы-Жалаңашкөл» (0-133), «Теректі-Урунхайка-Тасқайың» (0-91) және «Күршім-Қалжыр» (0-98) күре жолдарында қозғалыс шектелді.