ШҚО-да боранға байланысты жабылған жол қайта ашылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты жабылған жол қайта ашылды. 

ШҚО-да боранға байланысты жабылған жол қайта ашылды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

– Облыстық маңызы бар Күршім-Қалжыр тасжолының 65-131 шақырымында көліктің барлық түрінің қозғалысына рұқсат етілді. Осы ретте, халыққа алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береміз, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, аталған тасжол кеше ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда боран мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты сағат 22.00-ден бастап жабық тұрған.  

Соңғы жаңалықтар