ШҚО-да досын өлтіріп, мәйітін Ертіске тастаған ер адам сотталды
Еске сала кетейік, 14 наурызда сүңгуірлер Ертістен 41 жастағы ер адамның мүрдесін алып шықты. Сот-медициналық сараптама өткізген соң мамандар адамды өлгеннен кейін суға лақтырды деген тоқтамға келді. Полицейлер басты күдіктінің бұрын сотталған Өскеменнің 27 жастағы тұрғынының ізіне түсті. Ол кінәсын мойындады.
«Күдікті түрмеден шыққан соң жүзіп жүретін «Арабелла» дәмханасына жұмысқа тұрып, уақытша каюталардың бірінде мекендеген, - делінген баспасөз хабарламада. - 12 наурызда ер адамға оның жолдасы келген. Спирттік ішімдіктерді пайдалану кезінде екеуінің арасында дау туып, айыпталушы досын жұдырықпен ұрған. Жолдасы жерге құлап, басымен кнехтке (трос бекітуге арналған тумба) соғылып мерт болған. Оның өлгенін түсінген ер адам мәйітін Ертіске тастаған».
Атап өту керек, бұл ер адам осыған дейін де осындай қылмысы үшін жазасын өтеген. Үкім заңды күшіне енбеді.