ШҚО-да «Ең үздік мектеп директоры» мен «Жыл мұғалімі» анықталды

ӨСКЕМЕН. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Дарынды балаларға арналған облыстық мектепте ШҚО әкімінің «Жыл мұғалімі» және «Ең үздік мектеп директоры» жүлделерінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болады.
None
None

«2010 жылдың ең үздік мектеп директоры» атағы мен бас жүлдені Семей қаласы, №11 мектептің директоры Наталья Фесенко жеңіп алды. Бірінші орынға Үржар ауданы, Науалы орта мектебінің директоры Біржан Тұрлыбаев лайық деп танылды.

«Жыл мұғалімі-2010» байқауының бас жүлдесін Бородулиха ауданы, №1 Жезкент орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ирина Арзамасова ие болды. Осы аталымдағы бірінші орын Риддер қаласындағы оқу-тәрбие кешен-лицейінің мұғалімі Валерий Захаровқа бұйырды. Екінші орынды Көкпекті ауданынан келген Динара Демесінова мен Зайсандық Мөлдір Арыстанбекова өзара бөлісті.

Соңғы жаңалықтар