ШҚО-да «Қазақстанның үздік тауары-2015» өңірлік байқауының жеңімпаздары таңдалды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО-да «Қазақстанның үздік тауары-2015» өңірлік байқауының жеңімпаздары таңдалды, олар рсепубликалық Астанадағы «Алтын Сапа-Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысуға жолдама алды, деп жазады strategy2050.kz.
None
None

Ақпараттық орталық хабарлағандай, байқауға 50 тауар өндіруші қатысты. Оның ішінде азық-түлік, текстиль, жиһаз, медициналық қондырғы, құрылыс материалдары болды.

«Біздің облыс сапалы тауар шығарумен ерекшеленеді. Оның ішінде индустриалды тауар өндірісі, азық-түлік тағы бар. Біз үшін ең бастысы халықаралық талаптарға сәйкес сапаның болуы. Бұл біздің тауарды қажетті қылатын басты факторлар», - деді облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин байқаудың ашылуында.

Комиссия алдындағы таңдау оңай болған жоқ. Олар сәйкесінше номинациялар бойынша тауарларды іріктеді.

«Біздің тауар өндірушілерде өте жоғары әлеует. Олардың әрбіреуі мемлекеттік қолдауға ие болып отыр. Біздің мақсатымыз барынша импортқа жақындау, яғни «Қазақстанда жасалған» маркаға көшу», - деді ШҚО КП директоры Игорь Шацкий.

Соңғы жаңалықтар