ШҚО-да Орловский кен орнында үш жұмысшы қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО-да Орловский кен орнында үш жұмысшы уланып, көз жұмды.
None
None

«2016 жылғы 27 мамырда сағат 17:27-де Бородулиха АІІБ-ге Жезкент ТБК Орловский кен орнындағы 13 горизонттың 3 учаскесінде кен ауасынан сынама алып жатқан кезде 3 адам қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала деректер бойынша, жұмысшылар уланып қаза тапқан», - делінген ШҚО прокуратурасының хабарламасында.

Аудан прокуроры Кенжебеков пен Бородулиха АІІБ тергеу-жедел тобы оқиға орнына дереу жеткені атап өтіледі.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша сот алды тергеу басталды.

Тергеуді прокуратура бақылауға алды.

Соңғы жаңалықтар