10:39, 01 Қаңтар 2012 | GMT +5
ШҚО-да өрт бір егде жастағы ер адам мен 2 жасар баланың өмірлерін қиды, тағы екі балаға иіс тиді
АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда ескі жылдың соңғы күні мен жаңа жылдың алғашқы сағаттарында бірқатар өрттер болды, онда адамдар қаза тапты.
Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлайды.
Мәселен, 31 желтоқсанда сағат 06:09-да Өскеменде жеке тұрғын үйде өрт шықты, ол екі сағаттан кейін жойылды. Өртті сөндіруде ҚР ТЖМ-нің Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 12 адамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды. Өрт орнында 62 жастағы ер адамның мәйіті табылған.
Көкпекті ауданының Казнаковка ауылында 1 қаңтар күні сағат 05:30-да пештің ақауынан жеке тұрғын үйде бір отбасының үш баласына иіс тиді: 2 жасар қыз бала оқиға орнында көз жұмса, үш және бір жастағы ұл балалар ауруханаға жеткізілді.