ШҚО-да өрт қауіпі төмендемей тұр

ӨСКЕМЕН. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызметі аймақ тұрғындарын сақ болуға шақырады.
None
None

Синоптиктердің болжауынша, тамыздың аяғы мен қыркүйек айының басында өрт қауіпі күшейеді. Саяжайлардағы егін науқаны жаңа басталғанымен, саяжайларда болатын өрт мөлшері 6 пайызға жеткен.

Аймақ бойынша екі адам қаза тапқан 34 өрт оқиғасы тіркелген, және де бұл төтенше жағдай мамандары жазы салқын болған аймақтағы көрсеткіш екенін айтады. Соған қарамастан, аймақтағы шаруа қожалықтары өрт салдарынан жем-шөптің 203 тоннасын жоғалтқан. Көптеген жағдайда өрт қожайындардың салғырттығынан, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан болады.

Соңғы жаңалықтар