ШҚО-да өрт салдарынан ерлі-зайыптылар ажал құшты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Түнде ШҚО Сугатовка ауылында жеке үйде өрт шықты, салдарынан ерлі-зайыптылар қаза тапты.
None
None

Бұл туралы өрт сөндіру қызметіне көршілері хабарлаған. Оқиға орнына 28-ші өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келді. Олар бөлмеде екі мәйітті тапты. Бұлар үй иелері - күйеуі мен әйелі болып шықты.

Тергеушілер «мас күйде темекі шегу кезінде абайсыздық таныту» нұсқасын қарастырып жатыр.

Айта кету керек, осы жағдаймен жыл басынан бері ШҚО-да 6 адам көз жұмған 14 өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлады ТЖД.

Соңғы жаңалықтар