ШҚО-да өткен форумда Павлодар әкімі энергетика, Ертістің тасуын реттеу және мамандар даярлау салаларында ынтымақтасу жөнінде ұсыныс жасады

ПАВЛОДАР. 12 шілде. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын ШҚО-да «Қуатты аймақтар - қуатты Қазақстан» форумында маңызды ұсыныстар енгізді, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.
None
None

Форум Өскеменде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өтті.

Е. Арын облыста Қазақстанның бүкіл электр қуатының жартысына жуығы өңдеп шығарылатынын атап айтты, оның 54 пайызы республика аймақтарына жеткізіледі.

«Осы жылдың басынан бастап біз қарама-қайшы жағдайды көріп келеміз. Біздің аймақта сыртқы сұраныстың азаюы салдарынан электр қуатын өндіру 1,7 пайызға азайып кеткені байқалады.

Бұл ретте Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары 8,8 млрд кВт көлемінде энергия тапшылығын көруде. Біз бұл тапшылықты жабуға ғана емес, электр қуатын жеткізуді арттыруға дайынбыз. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысынан қараша айынан бастап наурыз айын қоса алғанда ай сайын 400 млн Квт қосымша сатып алу туралы ұсыныс түсті», - деді Павлодар аймағының басшысы.

Е. Арын ҚР Үкімет басшысынан су қорының көлемін 1,5-тен 2 текше шақырымға арттыратын Шүлбі су қоймасының бірінші кезектегі құрылысын аяқтауға байланысты бастамасына қолдау көрсетуді сұрады.

Екінші кезектегі су қоймасының құрылысы жобасына оралу қажет, бұл қорды тағы 7 текше шақырымға ұлғайтады. Бұл су электр энергиясының өнімін арттыруға және Ертіс алқабын сумен толтыруға мүмкіндік береді.

Павлодар облысының әкімі «Самұрық-Қазына», «ENRC» сынды ірі кәсіпорындарда өндірістік тәжірибелердің стандарттарын әзірлеуге ұсыныс жасады. Кәсіптік білім беру мекемелерінде маман даярлауда компанияларды құрылтайшы ретінде тарту қажет.

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Е. Арынның барлық ұсыныстарын қолдады.

Форум барысында Павлодар облысы Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кәсіпорындарымен 14,5 млрд. теңге көлеміндегі 15 келісімге қол қойды.

Соңғы жаңалықтар