ШҚО-да пара берген әскери қызметкерге 10 млн. астам теңге көлемінде айыппұл салынды
Әскери-тергеу басқармасымен әшкереленген әскери қызметкер 340 мың теңге пара беріп құтылмақшы болды.
«Семей гарнизонының әскери соты 32388 әскери бөлімінің аға сержанты А-ға қатысты ҚР ҚК-нің 189 бабының 1 бөлімі және 367 бабының 2 бөліміне сәйкес қылмыстық істі қарады. Аға сержант А. әскери бөлімнің оның басқаруындағы «КамАЗ» көлігі үшін арнайы бөлген дизельдік отынды үнемдеу, спидометрді бұрып тастау және жол-сапар парақшасында километражды көбейту жолымен меншіктеніп алған. Әскери-тергеу қызметкерлері А-ны азамат Д.Жапаровқа жалпы сомасы 102 000 теңге болған 600 литр дизельдік отынды сату үстінде ұстады», - деп хабарлады Семей гарнизоны сотының баспасөз қызметінен.
Қылмыстық жауапкершіліктен босатылу үшін А. әскери-тергеу комитетінің қызметкеріне 340 мың теңге көлемінде пара беріп, сол арқылы ҚР ҚК-нің 367 бабының 2 бөлімімен қарастырылған қылмысты жасады.
Сот А-ны кінәлі деп танып, оған параның отыз есе үлкен сомасы, яғни 10 200 000 теңге көлеміндегі айыппұл төлеу жазасына кесті.
Қылмыстық іс тараптардың бітімгершілікке келуі себебімен тоқталды, деп атап өтті баспасөз қызметінен. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.