ШҚО-да параға беруге итермелеген адвокат көмекшісі сотталды

Өскемен қаласы №2 соты Л. Жуковаға қатысты қылмыстық істі қарап, оны ірі көлемде жасаған алаяқтығы мен қомақты пара беруге ықпал еткені үшін айыпты деп таныды, деп хабарлады ШҚО сотының баспасөз қызметі.
Сот адвокаттың көмекшісі ретінде жұмыс істейтін Л. Жукова алдау жолымен сот актілеріне шағымдану бойынша заң көмегін алуға жүгінген Мурашкиннен ақша иемденуді көздеп, оны кеңсеге шақырып, сот шешімін оның пайдасына оң шешу үшін судьяға өзі арқылы 3000 АҚШ долларын беруі тиіс екеніне сендіргенін анықтады.
Азаматтық істің оң шешілгенін қалаған Н. Мурашкин Л. Жукованың ұсынысына келіседі. Алайда кейіннен бұл әрекеті заңға қайшы екенін ұғынып, Л. Жукованың үстінен шағыммен ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінген.
2016 жылғы 10 ақпанда Л. Жукова Н. Мурашкиннен 150 000 теңге алады, артынша оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ұстады, оның әрекеті еркіне қатысты емес мән-жайларға орай аяғына дейін жеткізілмеді.
Сот Л. Жуковты ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 1-тармағы 3-бөлігі, 28-бабы 4-бөлігі, 367-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп таныды.
Қылмыстар жиынтығы бойынша Л. Жуковаға өмір бойына заңгерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүліктері тәркіленіп, жалпы режімдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен үш жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кесілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.