16:29, 02 Наурыз 2012 | GMT +5
ШҚО-да сиырда «құтыру» диагнозы расталды
ӨСКЕМЕН. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Мал дәрігерлері Жарма ауданының Делбегетей ауылдық округінің аумағындағы сиырдан «құтыру» диагнозын растады, деп хабарлады ТЖ-да.

Сиырдың ауруы анықталған соң, «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМКК-ның Семей аумақтық бөлімшесінің мамандары сиыр миының бөлігін сараптамадан өткізіп, олардың қауіптенуі расталды.
«Індет ошағында эпидемия мен эпизоотикаға қарсы шаралар басталды. Малды баққан 5 адам оңашаланып, вакцинациядан өтуде. Індет ошағында дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Жарма ауданы ТЖБ-нің бастығы Төлеген Ахметкәрімов.
Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмылдырылған.
Санитарлық нормаларға сәйкес індет анықталған сиыр жойылды.