ШҚО-да су тасқыны салдарынан бұзылған көпірлер қалпына келтірілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-да республикалық маңыздағы жолдарда көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді. Бұрын мұнда үш көпір бұзылған еді. Көпірлер уақытында қалпына келтірілді.
None
None

2015 жылы көктемгі су тасқыны салдарынан ШҚО-дағы республикалық маңызға ие жолдарда үш көпір: «Өскемен - Зыряновск - Үлкен нарым - Қатонқарағай - Рахман қайнары» трассасының 149 шақырымында орналасқан «Снегирево» өзеніндегі, «Өскемен - Семей» трассасының 149 км-де орналасқан Қарасу өзеніндегі және «Семей - Қайнар» тас жолының 181 км-де орын тепкен Шаған өзеніндегі көпір зақымданды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалынан хабарлағандай, Снегирёво өзеніндегі көпір күрделі жөндеуден өтті. Қарасу және Шаған өзендеріндегі көпірлердің кей жерлері бұзылған.

Қазір аталған трассаларда көлік қозғалысы толық қалпына келтірілді.

Соңғы жаңалықтар