18:01, 06 Тамыз 2015 | GMT +5
ШҚО-да «Таскескен-Бақты» тас жолында автобус аударылып, 11 адам жарақат алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО-да «Таскескен-Бақты» тас жолында рейстік автобус аударылып, 11 адам жарақат алды, деп хабарлады облыстық ТЖД.
«Үржар ауданында «Таскескен-Бақты» күре жолында 48 жолаушысы бар рейстік автобус аударылып, 11 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қалған жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, келесі келген автобусқа отырғызылды. Құрбан болғандар жоқ», - делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталуда. Оқиға орнында жедел жәрдем, АІІБ, әкімдік, ТЖБ қызметкерлері жұмыс істеуде.