ШҚО-да тұрғын үйдің пәтерінде болған өрт орнынан әйелдің және ер адамның мүрделері табылды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - ШҚО-да тұрғын үйдің пәтерінде болған өрт орнынан әйелдің және ер адамның күйіп кеткен мүрделері табылды,
None
None

деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

 Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында бейсенбі, 15 қараша күні екіқабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт болды.

 Жалын тілі 24 шаршы метр жерді шарпыды. Өртті сөндіру барысында туған жылы белгісіз әйел мен тұлғасы анықталмаған ер адамның жанып кеткен мүрделері табылды.

 Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД-ні өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар