ШҚО-да УАЗ бен «Мерседестің» соқтығысуы салдарынан әйел қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО-ғы Өскемен-Семей күре жолының 62-ші шақырымында «Мерседес» көлігі УАЗ-ға соқтығысуы салдарынан соңғысы аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасында алған жарақаттары салдарынан жүк-жолаушылар көлігіндегі жолаушы әйел қаза тапты, деп хабарлайды yk-news.kz.
None
None

«Көлікті озып кетпек болған «Мерседестің» 27 жастағы жүргізушісі УАЗ-бен соқтығысып қалған. Соққы салдарынан жүк-жолаушылар көлігі жолдан шығып, аударылды. Аударылған көліктің 59 жастағы жолаушы әйел алған жарақаттары салдарынан көз жұмды. УАЗ-дың жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

Жол-көлік оқиғасы фактісімен қылмыстық өндіріс басталды.

Соңғы жаңалықтар