ШҚО-да ҰҚТ мүшелері 290 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік табыс департаментінің экономикалық тергеу қызметі аса ірі көлемде бюджеттік қаражатты ұрлау фактісі бойынша ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты алдын ала тергеуді аяқтады.
None
None

2012 жылғы сәуірден бастап 2015 жылғы маусым аралығында ҰҚТ мүшелері  «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» филиалы арқылы «Жұмыспен қамту 2020», «Кәсіпкер» және «Инновациялық жобалар» мемлекеттік бағдарламалары бойынша бөлінген қаражатты ұрлағаны анықталды. Мемлекетке 290 млн теңгеден астам шығын келтірілді.

null  

ШҚО МТД ЭТҚ аға тергеушісі Лейла Ысқақова бүгін ҰҚТ мүшелерінің 176 млн теңгеге мүлкі  тұтқындалғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар