ШҚО-да жағдай күрделі күйінде қалып отыр - ҚР бірінші вице-премьері

ӨСКЕМЕН. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Ең бастысы, ШҚО-да адам өліміне жол берілген жоқ, бірақ жалпы алғанда, жағдай күрделі күйінде қалып отыр, деп есептейді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев.
None
None

«Жалпы жағдай оңай емес. Су тасқынының қаупі сейілді, әсіресе облыстың солтүстік өңірлерінде»,- деп атап көрсетті бірінші вице-премьер.

Облыс әкімшілігінің мәліметтеріне қарағанда, 2010 жылғы наурыздың 30-ына аймақта 1157 тұрғын үй тасқын су астында қалған, оның ішінде 536-сы қираған және 621-і күрделі жөндеуді қажет етеді. 7406 адам қоныс аударып, 6007-сі өз үйлеріне қайта оралған, 882 адам туыстарының үйлерінде тұрып жатыр, 517 адам білім беру және мәдениет мекемелеріне қоныстандырылған. 2475 ірі қара, 16679 қой-ешкі мен 556 жылқы шығынға ұшыраған.

Соңғы жаңалықтар