ШҚО-да жедел-алдын алу шарасының барысында полиция бекетіне 499 жасөспірім жеткізілді

ӨСКЕМЕН. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер басқармасында болып өткен брифингте полиция қызметкерлері жастар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған «Жасөспірім» шарасының қорытындыларын айтып өтті.
None
None

ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полковник Батырбек Аяғановтың ақпараты бойынша бұл шараға полиция департаменттері, денсаулық сақтау, білім беру, прокуратура өкілдері, ата-аналар комитеттері мен «Нұр Отан» партиясының 1 436 қызметкері жұмылдырылды.

Ересектер тарапынан өздерінің ата-аналық құқықтарын тиісті орындамағаны, кәмелеттік жасқа толмағандарды мас қылғандары, жасөспірімнің көңіл көтеру орындарына баруға жол бергені, алкоголь өнімдерін сатқаны және т.б. үшін жалпы 484 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 

«Жасөспірім» шарасының бірінші күнінде полиция бөліміне қоғамдық орындарда ішімдік ішкен немесе мас күйде болған 49 жасөспірім жеткізілген. 

«Жасөспірім» республикалық жедел-алдын алу шарасының кезеңі бойынша полцияға 499 жасөспірім жеткізілді, олардың алтауы - қылмыс жасағаны үшін, 472-сі - әкімшілік құқық бұзғаны үшін, 21-і - бақылаусыз және қадағалаусыз жүргені үшін ұсталды», - деді қорытындыларға түсініктеме жасаған Б.Аяғанов.

Соңғы жаңалықтар