22:07, 24 Мамыр 2016 | GMT +5
ШҚО-да жер реформасы мәселелері бойынша Call-орталық ашылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Халыққа ҚР жер заңнамасы нормаларын түсіндіру үшін ШҚО жер қатынастары басқармасы базасында жер реформасы мәселелері бойынша Call-орталық ашылды.

ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Ернар Бексұлтановтың айтуынша, 10 күн ішінде Call-орталыққа 17 қоңырау соғылды. Тұрғындар, әсіресе, облыс қалалары мен аудандарында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін ұсыну тәртібін түсіндіруге қатысты сұрақтарды жиі қояды. Жұортшылықтың өтініштері арасында сұрақтар ғана емес, ұсыныстар да бар, деп атап өтті жер қатынастары басқармасының бастығы.
Оның ақпаратынша, әркім өз сұрақтарын қою үшін: 8 (7232) 701-657, 702-391, 701-805 нөмірлеріне қоңырау шалуларына болады. Күн сайын сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін орталық мамандары олардың бәріне тұшымды жауап қайтарады.