11:31, 06 Қаңтар 2012 | GMT +5
ШҚО-да жетімдер үйінің бұрынғы басшысы қаражатты жымқырғаны үшін шартты түрде 5 жылға сотталды
ӨСКЕМЕН. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Глубокский аудандық соты Степновский жетімдер үйінің бұрынғы басшысын ақша жымқырғаны үшін 2 жыл сынау мерзімімен шартты түрде 5 жылға сотталды.
Сотталушы өз кінәсін мойындамағанымен, сот оны кінәлі деп тапты.
Аудандық соттың бұрынғы жетімдер үйінің басшысына қатысты тағайындалған сот үкімін облыстық соттың аппеляциялық алқасы өзгертусіз қалдырды. Сөйтіп ол 2 жыл сынау мерзімімен 5 жылға сотталып, мүлігі тәркіленді. Ендігіде директор қызметін және материалдық жауапкершілікке байланысты қызметтерді 3 жылға дейін атқаруға тиым салынды.
Шешім өз күшіне енді.